Елорда тынысы

Қалыпты тіршілікті қамтамасыз етеді

Қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды коммуналдық құрылымдардың бүгінгі жағдайы туралы қала әкімі өз ойымен бөлісті.

«Елордада қосымша тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Олар қалаға жылу, су, электр энергия­сын және т. б. береді. Іске қосылған нысандар – «Тұран» және «Оңтүстік-шығыс» газ жылыту станцияларының, 3-ЖЭО-ның бірінші кезегі арқасында қалада жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалаға 1100 Гкал/сағ-тан астам қуат берді.

Қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін алдағы жылдары «Тельман» жаңа газ жылу станциясы салынып жатыр. Қазіргі уақытта іргетасы мен қадалардың бітелуі бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба елордада тағы 80 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Тельман» ГЖС құрылысын 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сол сияқты биыл құрылысы ұзақ­қа созылған 3-ЖЭО-ны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның бірінші кезеңі 2023 жылдың күзінде аяқталып, пайдалануға берілген.

Сондай-ақ электр желілері бо­йынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Біз бірқатар қосалқы электр станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, «Арай» қосалқы станциясы 96 пайызға дайын. Бұл жоба Астананы қуаты 80 МВА болатын үздіксіз сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Біз оны осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтаймыз.

Сонымен қатар «Қазыбек» қосалқы станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Бұл жоба Теміржолшылар елді мекенін қуаты 80 МВА болатын сенімді әрі тоқтаусыз электрмен қамтамасыз етеді. Нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қалада өмір сүру сапасы ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына байланысты» деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button