ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

ҚАМКӨҢIЛ ЖАНДАРҒА ҚАРАЙЛАСУ – САУАП

invalid_151

Жыл сайын қазанның әр екінші жексенбісі көңілі жарым, денсаулығында кемістігі бар жандарға мейірім сыйлауға үндейтін мереке ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, Астанада Мүгедектер күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, биыл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы14 мың адамға берілмекші.

Елордада Мүгедектер күнін атап өту барысында ұйымдар мен кәсіпорындарда бірқатар қайырымдылық шаралары да  ұйымдастырылады. Мүгедек балалар «Думан», «Мега», «Ханшатыр», «Керуен» және «Азия парк» сауда, ойын-сауық кешендерінде аттракциондарға тегін кіреді, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жарысқа қатысады. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына экскурсия, «Жүректен жүрекке» мерекелік іс-шарасы, арбаға таңылған  мүгедектердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралар барысында киім-кешектер таратылып, мерекелік дастарқандар  жайылады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

  1. салеметсизбе!менің сұрағым бар еді,мен жақында отбасы болдым!өзім студент едім,отбасылық жатаxана берілермекен Астана қаласынан,Астанадада турмаймыз,жарымды Астанаға алып келгім келеді,мен нестесем болады,кімнен көмек сурасам болады?

Пікір үстеу

Back to top button