ӘлеуметБасты ақпарат

Қамқорлық қасиеті

Ертең – әлеуметтік қорғау жүйесі қыз­меткерлерінің күні. Осыған орай, елордада сала мамандарына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жыл сайын осы мереке күні халқымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік үлесі бар әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне тиісінше көңіл бөлініп, құрмет көрсетіліп келеді. Өз қызметтерін жауапкершілікпен атқарып жүрген 50 маман ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Астана қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осыған орай, Астанадағы академиялық филармонияның ғимаратында аталмыш сала мамандарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Жыл сайын осы мереке күні халқымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік үлесі бар әлеуметтік қорғау жүйесі қыз­меткерлеріне тиісінше көңіл бөлініп, құрмет көрсетіліп келеді. Салтанатты жиын барысында елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев өз қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген осындай 50 жанды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан құрмет грамоталарымен марапаттады.

– Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнделікті еңбегі – мемлекеттің өз азаматтарына қамқорлығының көрсеткіші. Мұндай мерекені атап өтудегі басты мақсат, осы саладағы жұмыстың қиындығына қарамастан, қажыр­лы еңбек етіп жүрген жандарға шынайы құрмет көрсету екені анық. Осынау жақсы дәстүр бәрімізді айналамыздағыларға жанашырлық танытып, қамқорлыққа зәру жандарды үнемі қолдап жүруге үндейді. Баршаңызды осынау тамаша мерекемен құттықтаймын! – деді Е.Бекмұрзаев.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб бүгінгі таңда бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Астанада әлеуметтік қорғау жүйесі саласында барлығы 1300-ге жуық маман жұмыс істейді. Олар күн сайын елордада тұратын жалғыз­ілікті 1000 зейнеткер мен ерекше қажеттіліктері бар 3000 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді.

– Елордада 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызмет көрсетеді. Жалпы аталмыш сала қызметкерлерінің жұмысы ерекше шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан біз бұл шараны әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау үшін арнайы ұйымдастырдық. Әрине, оларға қызмет алушылардың алғысынан асқан марапат жоқ, бірақ осы бір қиын да аса маңызды салада еңбек етіп келе жатқан жандарға мемлекет тарапынан алғыс білдіргіміз келеді. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, бірлік тілеймін, – деді И.Скуб.

Отандастарымызды Оңтүстік Корея, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әлеуметтік қорғау саласының өкілдері құттықтады.

«Мен әлеуметтік қорғау саласында 15 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келемін. Мемлекет еңбегімізді жыл сайын атап өтетіні – мен үшін үлкен қуаныш. Біз өз жұмысымыз үшін марапаттар мен мақтаулар күтпейміз, бірақ қызмет алушылардан ғана емес, тұтас қоғам атынан ризашылық пен алғыс алған кезде, сөз жоқ, шабыттанып, одан әрі нәтижелі жұмыс істей береміз» деді «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ қызметкері Алтын Ерубаева.

Әлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттың бірі. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны да шындық. Əсіресе «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолданылатын тіркес­тер құлағымызға сіңісті болып кетті. Десек те бұлардың бəрінің астарында қоғам өмірінде болып жатқан мəселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созу жатыр. Бұл ретте осындай көзге көріне бермейтін, бірақ қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген әлеуметтік сала мамандарының еңбегі ерекше.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button