Жаңалықтар

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

IMG_0167

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Есіл ауданы әкімінің аппараты «Консолидейтед Контрактинг Инжиринг энд Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор» компаниясының филиалымен бірлесіп, қайырымдылық шара ұйымдастырды.

Алдымен Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы Берік Төребеков ау­дан әкімінің атынан жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі. Астанадағы «Абу Даби Плаза» кешенінің құры­лыс жұмыстарын жүргізіп жатқан аталмыш компанияның атқарушы директоры Мұрат Жұманов еліміз­дің Үкіметі мен Біріккен Араб әмір­ліктері арасындағы келісім бойынша бас қалада атқарылып жатқан жұ­мыс­тарға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда кешенде бес ғима­раттың құрылысы жүргізіліп
жатыр. Солардың бірі Азиядағы ең биік, ең үлкен 88 қабатты ғимарат болады. Қазір кәсіпорында еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ, Атырау, Батыс Қазақстан облысынан, солтүстік және оңтүстік өңірлерден және осы Ақмола маңынан келген қандастарымызбен бірге шетел азаматтары, барлығы 750 адам еңбек етуде. Келешекте олардың саны 7 мыңға жетеді деп жоспарлануда.

Аудан аумағында тұратын жал­ғызілікті зейнеткерлер мен көп­ба­лалы, тұрмысы нашар отбасылар аз емес. Мереке күндері жаны жо­март, пейілі кең азаматтардың қол­дауымен оларға қайырымдылық көр­­сетілуде. Бұл жолы аталмыш ком­­панияның атқарушы директоры мен әкімшісі Жамал Жаафар аудан аумағында тұратын осындай 50 адамға материалдық көмек көрсетті.

Осылайша, іс-шара барысында қамқорлыққа зәру азаматтарға 20 келіден азық-түлік қоржыны үлес­тірілді. Ұйымдастырушылар қайы­рымдылық шараның алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

Гүлбаршын Өкешқызы

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button