ДенсаулықЖаңалықтар

Қан тапсырып, өмір сыйла!

Елордадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында «Қан тапсырып, өмір сыйла!» қайырымдылық акциясы өтті. «Тарлан» мұз айдынының, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің қызметкерлері қан тапсырды.

[smartslider3 slider=433]

Акция Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Орталықтың мамандандырылған автобусында донорлар үшін барлық жағдай жасалған. Акцияға қатысушылар денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтырып, алдын ала тексеруден өтті. Дәрігерлер маска режимі мен қашықтықты сақтай отырып, келушілердің дене температурасы мен қан қысымын өлшеді. Акция барысында 25-тен аса адам донор болып, әрқайсысы 450 мл қан тапсырды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button