Ел тынысы

Қанатқақты жоба енгізіледі

Түркия Республикасына жұмыс сапарынан кейін елордалық мәслихат Астана әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен цифрландыру саласындағы көшбасшы – «AKGUN» түрік компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың бастамашысы болды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Қол қойылған құжат медициналық мекемелерді Автоматтандыру және цифр­ландыру саласындағы ынтымақтастықты, компанияның елордалық емханаларға инновациялық жетістіктерін енгізуді, дәрігерлер арасында тәжірибе алмасуды, сондай-ақ жабдықтарды кеңейту мен жаңғыртуды, медициналық персоналды қаржылық ынталандыруды жақсартуды көздейді. Қанатқақты жоба №2 қалалық көпсалалы аурухана базасында енгізілетін болады» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button