Жаңалықтар

ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕН ҚАРЛЫҒАШТАЙ

20152205164328

Елордада «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің атсалысуымен «Сенің күнің, Донор!» атты  қайырымдылық акциясы өтті.  

Дүниежүзілік донорлар күні қар­саңында өткізілген іс-шараның мақсаты қоғамдастық назарын донорлардың жетіспеушілігі мәселесіне аудару еді.
– Бұрынғы кездегідей белгілі қазақстандық әртістер, шоу-бизнес және қоғам қайраткерлері жобаны қолдады. Олар ауыр сырқат – лейкемияға шалдыққан балаларға көмек көрсеткісі келеді, – дейді «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Салтанат Әли.
Сондай-ақ, ол «Донорлықтың нағыз қаһарманы бол!» ұранымен ұйымдастырылып жатқан акцияны биыл «Hot Blооd challenge» ерекше форматының аясында өткізу жоспарланғанын, тап осындай акциялардың арқасында Қазақстанда қанатымен су сепкен қарлығаштай ізгі іс – донорлыққа көзқарастың жақсарып келе жатқанын да айтты.

Айдана ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button