Жаңалықтар

«Қанатыңды кең серпі!»

Қазақстанда өтетін 2017 жылғы Универ­сиа­даның логотипі, нышаны мен ұраны көп­ші­лікке таныс­тырылды.

 

Логотип «U» әрпі үлгісінде жасалған. Аталған символ FISU-дің міндетті элементі болып табылады. Ал, төменгі жағында шараны өткізетін қала «Almaty 2017» және «Kazakhstan 28 th winter universiade» деген сөздер жазылған. Логотипке FISU талаптарына сәйкес міндетті болып табылатын әртүрлі түстегі 5 жұлдызша сән беріп тұр. Бұйыртса, айтулы шара «Қанатыңды кең серпі!» деген ұранмен өткізілетін болды. Шығармашылық топ Универсиаданың нышаны ретінде қазақ даласының символы – қыран құсты таңдаған. Үкімет басшысы С.Ахметовтың төрағалығымен өткен 2017 жылғы 28-інші Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысында аталмыш символдар  ресми бекітілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button