Ұлттық құрылтай

Қандастар мәселесі де қалыс қалмауы керек еді…

      Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда және Жошы хан бабамыздың басында өтуі – символдық маңызы бар тарихи оқиға. Бұл – бабаларымыз салған сара жолды қайта тауып, уақыт пен тарих үзген рухани тұтастыққа бастайтын алтын шынжырдың шығыршығын қайта жалғау.

[smartslider3 slider=3266]

Сондықтан бұл құрылтайда экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талап ету артық деп ойлаймын. Бұл жердегі басты мәселе ұлттық ұйысу, рухани жақтан тұтасу дегенге саяды. Әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешіп отырған құзырлы орындар баршылық. Етегіңді жабу үшін бөз керек, көкіректі бүтіндеуге қасиетті сөз керек. Ұлттың рухани тұтастығы болмай, кемел келешек те болмайды. Қазір біздің қоғамдағы ең басты тақырып – тіл мәселесі. Бұл Алихан Байменовтің баяндамасында туған тілімізді тұғырына қалай қондырамыз деген түйінді төңіректей отырып жақсы айтылды. Президент те соңғы мәлімдемесінде бұл мәселеге арнайы тоқталды. Дегенмен бұл құрылтайда қамтылмай қалған бір нәрсе – қандастар мәселесі. Бейресми деректер бойынша шетелде қазір 6 миллиондай қандасымыз өмір сүріп жатыр. Бұл аз сан емес. Яғни үлкен бір бөлшегіміз шетелде жатыр деген сөз. Демек, қандастар мәселесін ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан Түркістанда өтетін құрылтайда осы мәселе ескерілуі керек деп ойлаймын.

Светқали НҰРЖАН, ақын,

Ұлттық құрылтай ­мүшесі

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button