Ел тынысы

Қаңғыбас ит-мысықтарды қамайтын жер керек

Астана әкімдігі қаңғыбас жануарларға арналған жаңа питомник салу үшін жер телімін іздеуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мұндай тәлімбақ қала сыртында салынбақ. Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы иесіз үй жануарларын қамап ұстап отырған қазіргі жер тар екенін және санитарлық нормаларға сай еместігін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, ауданда қаңғыбас иттер санының көбеюі өзекті мәселе болып отыр.Бүгінгі таңда Қоршаған ортаны қорғау департаменті мен «Астана ВетСервис» мекемесі жұмыс істеп тұрған питомниктің қоршау құрылымдарын нығайту және буферлік аймақтарды құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Аулау жасақтары күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар қала сыртында жаңа питомник салу үшін жер телімдері де қарастырылуда», – деді Бауыржан Ералы аудан халқымен кездесуінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button