Жаңалықтар

Қаңтарда – 224 мыңнан астам өтініш

Осы жылдың қаңтар айында іKomek109 бірыңғай байланыс орталығы елорда тұрғындарынан 224000-нан астам өтініш қабылдады. Соның 72000-нан астамы денсаулық сақтау және «Омикрон» мәселелеріне қатысты болды. Сондай-ақ қаланы абаттандыру және коммуналдық қызметтер жұмысы бойынша 1500 шағым мен ұсыныс келіп түсіп, 200-ден астам алғыс айтылды.

[smartslider3 slider=1957]

Денсаулық сақтау мәселелері бо­йынша өтініштердің 97,5 пайызы бірінші рет қоңырау шалғаннан шешілді. Статистика бойынша елорда тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинация және ревакцинация мәселелері ерекше қызықтырды.

Қазіргі уақытта iKomek109 бірыңғай байланыс орталығының штатында ауысымдардың әрқайсысында медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді. Олардың міндетіне ересектерге де, балаларға да денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес беру кіреді. Консультант-дәрігер демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейді, шұғыл емес сипаттағы барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ КВИ белгілері бойынша кеңес бере алады. Операторлар емханада дәрігердің қабылдауына жазады, дәрігерді үйге шақыруды, шағымдар мен ұсыныстар мен алғыстарды ресімдейді.

Өткен айда елорда тұрғындары мен қонақтарын емханаға тіркелу, КВИ алғашқы белгілері кезінде қайда бару, медициналық мекемеге тіркелу мәселелері, КВИ ауруы және ұқсас белгілері бар кезде шақыратын мобильді бригадалардың байланыстары және т. б. қызықтырды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button