Қоғам

Қанша рейс кешіктіріліп жатыр

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy  Әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды.

Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді.

Кешігулердің көп бөлігі ұшуға қолайсыз ауа райына байланысты.

— Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 дана мамандандырылған техника пайдаланылады, — делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстердің күйін және кестедегі ықтимал өзгерістерді төмендегі жолдар арқылы тексере алады:
Авиакомпаниялардан
Әуежайдың ресми сайтынан: www.nn-airport.kz
Тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың байланыс орталығы бойынша: 8 (7172) 702-999.

Айта кетелік 10 наурызда Қазгидромет елдің бірқатар өңірінде, соның ішінде Астана мен Ақмола облысында да дауылды ескерту жариялаған еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button