Ел тынысы

Қант кешікпей жеткізіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.

[smartslider3 slider=3634]

Жиынға Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жеңіс Өсербай, Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев, сондай-ақ қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова қатысты.

27 шілдеде Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану нысандарының индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қоғамдық тамақтану нысандарына басымдық бере отырып, қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгінде оларға қажетті қант көлемі айқындалатын болады.

Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізіледі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді» деді жиын соңында Жеңіс Өсербай.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button