Sport

ҚАП, ҚАРМАҒЫМ, ҚАП!

zxczxcz

«ЖасНұр» өндірістік шаруашылық кәсіпорны Тәуелсіздік мерекесіне орай Астана су қоймасының солтүстік учаскесінде қысқы спорттық балық аулау жарысын өткізді.

Алдын ала өтініш жіберген 5 команда жарысқа түгелдей қатысты. 2012  жылғы халықаралық және Астана қаласы әкімдігі «ЖасНұр» өндірістік шаруашылығы бекіткен қағидаларға сәйкес үш секторға бөлініп екі жарым сағат сайысқандар арасынан балықты ең бірінші ұстаған, яғни, небары төртінші минутта қармағына олжа ілінген «Бараккуда» командасының мүшесі Жақсылық Сыздықов көрермендерді жарыстың алғашқы қызығына бөледі.

Сайыс қорытындысы бойынша, Астана қаласының шаруашылық басқармасының «Астана» командасы В.Краев пен Э.Горейстің арқасында жалпы командалық есепте бірінші және екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын Ж.Сыздықовтың тәжірибесімен «Бараккуда» командасында кетті.

Сондай-ақ, қатысушылар «Ең бірінші балық аулағаны үшін», «Ең ірі балық аулағаны үшін», «Ең кіші балық аулағаны үшін» және «Ең жас балықшы», «Ең егде балықшы» атты дипломдармен марапатталды. Жарыс соңында бірінші және екінші орын алған спортшылар шведтік мұз бұрғы иеленсе, үшінші үздік атанған қатысушыға балықшы құралы берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button