Sport

Қаптаған қола алтынға татымайды

Индонезияның Жакарта және Палембанг қалаларында өтіп жат­қан Азия ойындарында ел қор­жы­нына түскен жүлделер саны 33-ке жетті. Азиадада Қазақстан командасының еншісінде – 3 алтын, 7 күміс және 23 қола медаль. Жүлде саны айтарлықтай болға­нымен, командалық есепте әлі де ондықтан ойып тұрып орын ала алмай жатырмыз.

22 тамыз күні ел қоржынына грек-рим күресінен үш балуан олжа салды. Аса ауыр салмақта Нұрмахан Тінәлиев финалда өзбек балуанынан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. 97 кг салмақта Ерұлан Ысқақов қола жүлде үшін айқаста ирандықтан басым түсті. Ал 87 кг тартатын Азамат Құстыбаев жұбаныш белдесуде қырғызды жеңді.

23 тамыз, бесінші күн

Әділбек Мусин – қола жүлдегер. Ол 50 метр­ге баттерфляй әдісімен жүзуден жүлдегер атанды. Көрсеткіші – 23,73. Бұл – осы қашықтықтағы Қазақстанның рекорды.

Ерасыл Қайырбек – қола жүлдегер. Таэквондодан 68 кг салмақта кезекті жүлде түсті. Ерасыл жартылай финалда кореялыққа жол беріп, қоланы қанағат тұтты.

Мария Дмитриенко – қола жүлдегер. Ол стенд атудан «Дубль-трап» бағдарламасы бойынша 125 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Алексей Луценко – алтын жүлдегер. Ел қоржынына көп күттірген екінші алтын велоспорттан түсті. Алексей топтық жарыста 150 шақырымды 3:25:25 уақыт көрсеткішімен бағындырып, чемпион атанды.

Александр Опачанова – қола жүлдегер. Ол Палембангта өткен академиялық есуден Қытай және Тайпей спортшыларынан кейін мәреге үшінші болып келді.

24 тамыз, алтыншы күн

Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова жұбы – қола жүлдегер. Жұптасып сынға түскен олар жартылай финалда Тайпей спортшыларынан 2:0 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп қола медаль бұйырды. Бұл – қазақстандық теннисшілердің Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

Денис Евсеев пен Александр Бублик жұбы – күміс жүлдегер. Жетінші күмісті жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз алды. Олар финалда Үндістан командасына есе жіберді.

Алексей Луценко – екі дүркін алтын жүлдегер. Бір күн бұрын алтыннан алқа таққан бұл отандасымыз велоспорттың жекелей сынында өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55:37:13 уақыт көрсеткішімен бірінші болып бағындырып, бұл Азиа­дада екінші рет чемпион атанды.

Дмитрий Баландин – қола жүлдегер. Рио Олимпиадасының чемпионы бұл бәсекеде екінші қоласын 50 метрге брасс әдісімен жүзіп алды. Ал оның оң жамбасына келетін 200 метрге жүзуге жарақатына байланысты қатыспайды.

Анна Данилина мен Александр Недовесов жұбы – қола жүлдегер. Бұл жұп жартылай финалда Таиланд құрамасынан жеңілді. Сөйтіп Қазақстан теннисші­лері Азиаданы бір күміс, екі қола жүлдемен аяқтады.

Нұржан Сейдуәли – қола жүлдегер. Джиу-джитсудан 56 кг салмақта сынға түскен спортшымыз өзбек Акмал Амировті жеңіп, қолаға қол жеткізді.

Нартай Қажеков – қола жүлдегер. Джиу-джитсудан келесі қоланы иеленген отандасымыз 69 кг салмақта бақ сынап, соңғы кездесуінде Түркіменстан өкілін ұтты.

Дайындаған Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Дереккөзі – olimpic.kz

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button