Жаңалықтар

ҚАПТАЙДЫ ҚАРУ-ЖАРАҚ КЕҢ АЛАПТА

7138786523_25fda9c1b9_z

Биылғы 22-25 мамырда Астана қаласында «KADEX -2014» әскери-техникалық мүліктер мен қарулардың халықаралық үшінші көрмесі өтеді.

«KADEX-2014» әскери-техни­калық мүліктер мен қарулар көрмесі қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетіп, маман­­дар­дың пікір алмасуларымен жалғасады.

Осының алдында өткен екі халық­аралық көрме отандық өнімдерге шетел­діктердің қызығушылығы өсе түскенін көрсеткен еді.

Алдағы көрменің басты ерекше­лік­терінің бірі – арнаулы секция­лары барынша кеңейтілген әрі ғарыш­тық-әуе технологияларын, ҰҰА және авиациялық қаруларды, ӘШҚ жүйе­лері мен жабдықтарын, әскери сала­дағы робот-техниканы, IT-тех­но­ло­гияны, әскери-теңіз күштері мен құр­лықтағы әскерлердің қару-жарақ­тарын, әскерді техникалық және тылда қамтамасыз ету, байланыс жүйелері мен жабдықтарын қамтиды.

Іскерлік және таныстырушылық сипатта өтетін «KADEX-2014» көр­месіне қатысушылар жетекші отандық және шетелдік өндіру­ші­лер­дің инновациялық ізденістерімен толық көлемде таныса алады.

Қазіргі кезде көрмені ұйым­дас­ты­рушы компанияның атына әлемнің 23 елінен 225 өтініш келіп түсті.

Алдын ала белгіленген көрме алаңы­ның жалпы көлемі 5000 астам шаршы метрге жетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button