Мәдениет

Қақаған қыстағы велошеру

Елордада Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған «150 жылдыққа – 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Бұған дейін бірнеше велошеру ұйымдастырып, соның ішінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай астанадан Жидебайға және былтыр Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнап бас қаладан Қостанайға велосипедпен барып қайтқан астаналық велошабандоз Ернат Мелсұлы бұл жолғы велошеруінде ұлт ұстазын ұлықтау мақсатын қойды.

[smartslider3 slider=2119]

Велосипедпен Жидебай және Қостанайға сапарларына ол топпен жаз-күз айларында барған еді. Ал осы жолы жалғыз өзі қыстың көзі қырауда елорданың Триатлон паркінде елу айналым жасады. Бір айналымның ұзындығы – 3 шақырым. Таңнан кешке дейін, арасында үзіліс жасап 150 шақырымды еңсерді.

Бұл велошеру еліміздегі алғашқы қысқы марафон ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына (Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық) тіркелді. Велошабандозға тиісті сертификатты аталмыш анықтамалықтың елордадағы өкілі Қуандық Құдайбергенов тапсырды.

«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ұлы Абайдың өлеңінен өзіндік формула шығарған Ернат Мелсұлы қыста да велосипедпен жүруді үрдіске айналдырған. Қазір «Хабар-24» телеарнасында шетел жаңалықтарын дайындай тын оның негізгі мамандығы – ағылшын тілінің мұғалімі. Қазақ тілінде «Ағылшынша тіл сындыру» атты кітапты да жазып шығарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button