Басты ақпарат

Қар қалыңдап барады…

Кешеден бері елордада толассыз қар жауып тұр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде.

[smartslider3 slider=2118]

Дүйсенбі күні қала бойынша қар тазалау жұмысына 1000-нан астам арнайы техника мен 1 600-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Қар полигондарына екі мыңға жуық рейс жасалды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Жалпы, қыс мезгілі басталғалы елордадан 3 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Ал қазіргі кезде қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ қар жинау маршруттарын түзету арқылы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өйткені күн санап қар қалыңдап барады. Ал оны тез шығарып отырмаса, қала жолдарында кептеліс көбейіп, жаяу жүргіншілерге де жүріп-тұру оңайға соқпасы анық.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button