Жаңалықтар

Қар салған қарбалас…

Елордада үш тәулік бойы үздіксіз қар жауып, көшелер мен аулаларда қарбалас жұмыс жүріп жатыр. Бұл күндері қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

[smartslider3 slider=2150]

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына қарағанда, елордада соңғы үш тәулік ішінде 10 мм-ден астам қар түскен.

Осы күндері қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1000-нан астам арнайы техника мен 1500-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Коммуналдық қызметтер соңғы тәулікте қар полигондарына 2 мыңнан астам рейс жасады, соның нәтижесінде 30 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қалада коммуналдық қызметкерлер кептелісті болдырмау үшін алдымен жолдарды қардан тазартады. Сондай-ақ алаңдар, тротуарлар, әлеу­меттік нысандарға кіретін жолдар қарқынды тазаланып жатыр.

Сонымен қатар құтқарушылар қызметі де қала маңайында қар құрсауында қалып қойған бірнеше техника мен азаматтарға көмек көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button