Жаңалықтар

Қар тазалау қарқын алды

1 қарашадан бастап Есіл ауданының қар полигонына 912 рейс жасалып, 9840 текше метр қар шығарылды. Қар тазалау жұмысына 862 жол қызметкері мен 778 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонда кіру мен шығуды тіркейтін камералар және нөмірлік белгілер орнатылған.

[smartslider3 slider=1092]

Есіл ауданының аумағы 11 учаскеге, оның ішінде 9 тұрғын үй алабына бөлінген. Аудан аумағында барлығы 259 көше бар (2021 жылы 16 көшеге ұлғайған), оның жалпы ұзындығы 288 шақырымды (2021 жылы 27 км-ге ұлғайған) құрайды.

Аудандағы қар тазалайтын аумақ та жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, 2015 жылдан бастап тазаланатын алаңның көлемі 14590787 шаршы метрді құраса, 2019 жылдан бастап бұл көрсеткіш 4079627 шаршы метрге ұлғайды. Ауданда 17 млн шаршы метр алаң бар. Осы жердің қарын тазалау үшін 600-ге тарта техника мен 1000 адам күш жұмылдырылған. «Біздің негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасап, көшені қардан уақытылы тазалап отыру. Сол үшін жұмыс күшін екі ауысымға көшіріп, күндіз де, түнде де қар тазалау жұмысымен айналысудамыз» дейді Есіл ауданы әкімдігінің бас маманы Фархат Мойынов.

Айта кетейік, аудан аумағын санитарлық талаптарға сай тазартуды 27 мердігерлік ұйым жүзеге асырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button