ЖаңалықтарКүні-түніҚала мен СалаҚала тіршілігі

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ

Астанада ауа райының өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

????????????????????????????????????

Бүгінде бас қаланың күн райы мың құбылып тұр. Апта басында күн күрт жылып, жолдар мен сай-саланың бәрі суға толып кеткен еді. Оның артынша ері­ген қар суынан жолда қатқақ пайда болды. Бейсенбіден бастап жапалақ­тап қар жауып, қала аппақ көрпеге оранды. Әрине, қардың жауғанына жұртшы­лық қуанғанымен, елордалық коммуналдық қызметінің жұмысы қыза түсті.
Мол жауған қарды қаладан әп-сәтте тазартып шығару оңай емес. Сондықтан Астанада қар жинау жұмыстары бей­сенбіден бастап таңғы сегізден жүр­гізілуде. Бүгінде барлық аудан­дардың аумағында 211 арнайы техника жұмыс істеп, оны тазарту жұмыстарына 335 адам тартылып отыр.
«Астана Тазалық» ЖШС мәліметтері бо­йынша, 12 қазаннан 9 қарашаға дейінгі аралықта қаланың барлық аудандарында көктайғаққа қарсы реагент қолданылып, 1852,5 текше метр құм-тұз қоспасы, 389,90 тонна «Айсмелт» реагенті себіліп, 7229 текше метр қар шығарылған.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндер де бұлтты болып, оқтын-оқтын қар жауады, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button