ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ҚАР ТАЗАЛАУ ТОЛАССЫЗ…

Кешеден бері Астанада қар жапалақтап, бұрқасын болып тұр. Ауа райының бұл құбылысы қаланың ком­муналдық шаруашылықтарын күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүрлеп отыр.

kbb_6156

«Астана Тазалық» мекемесі елорданың жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауды мереке күндері де толассыз жүргізді.
– Мереке күндері яғни жел­тоқсанның 16-18 аралығында коммуналдық қызмет өкілдері 120 мың куб метр қарды қала ішінен сыртқа шығарды. Екі күндік санитарлық тазалау шарасына 2 мыңға жуық арнайы техника және 2700 жұмысшы жұмылдырылды.
Жалпы 13 қыркүйектегі бірінші қардан бастап күні бүгінге дейін қаладан 1 миллион 235 мың куб метр болатын қар шығарылды, – дейді «Астана Тазалық» мекемесінің басшысы Әзімбек Басқанбаев.
Сондай-ақ, көктайғаққа байланысты 1400 куб метр болатын құм мен тұз төселді. Бұдан бөлек жазатайым жағдайды болдырмау үшін 36,5 тонна «Айсмелт» реагенті пайдаланылды. Ал кеше 1200 техника мен 2400 жұмысшы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын тазалады.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button