Елорда тынысы

Қар тазалау қарқынды

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Оған күн сайын мыңдаған жұмысшы мен мамандандырылған машиналар жұмылдырылады.

13 ақпанға қараған түні елордадан 12 мың текше метрден астам қар немесе 915 рейс шығарылды. Дүйсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника тартылды.

Қыс мезгілінің басынан қар полигондарына қаланың коммуналдық қызметтері 3,13 млн текше метр қар шығарды, бұл 251 059 жүк көлігіне тең. Жұмыс қаланың барлық төрт ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда біркелкі жүріп жатыр. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жолдарға, тротуарларға, алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі. Қыс басынан 3,13 млн текше метр қар шығарылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button