Жаңалықтар

Қар түнде де шығарылады

Соңғы аптада елордада тынбастан қар жауып, жерді көмкеріп тастады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда

[smartslider3 slider=2171]

Бір түн ішінде ғана елордадан 30 мың текше метрге жуық қар шығарылды, қар полигондарына 2200-ден астам рейс жасалды.

Бүгінде қала бойынша қар күреу жұмысына 2000-ға жуық жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан барлығы 3,22 млн текше метр қар шығарылды, бұл 243430 жүк көлігінің көлеміне тең. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуар­лар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т. б. қардан тазартылады.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button