Елорда тынысы

Қарапайым тілмен жеткізу керек

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында бейнеконференция байланысы арқылы Республикалық партиялық штабтың кезекті отырысын өткізді. Отырыста кәсіпорындар ұжымдары мен ел тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарының барысы талқыланды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелер талқыланды. Ерлан Қошанов бұл мәселеге ерекше назар аударды.

[smartslider3 slider=3066]

Үгіт науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 5 мыңнан астам іс-шара өткізген. Атап айтқанда, еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруа­шылығы және басқа да сала өкілдерімен кездесулер өтті. Соның ішінде Мәжілістегі партия фракциясының мүшелері өңірлердің тұрғындарымен бір мыңға жуық кездесу өткізген. Жалпы, үгіт-насихат іс-шараларына 220 мыңнан астам адам қатысыпты.

«AMANAT партиясының референдум өткізуді қолдау үгіт науқаны жалғасып жатыр. Қарқынды төмендетпеу керек. Өткізілетін кездесулердің санына ғана емес, бірінші кезекте сапасына да назар аударған жөн. Біз конституциялық өзгерістердің мәнін түсінікті, қарапайым тілмен жеткізуіміз қажет. Адамдарды учаскелерге келіп, өз дауысын беруге ынталандыруымыз керек» деді партия төрағасы.

Ерлан Қошанов қазіргі уақытта 5 маусымда өтетін референдумда азаматтарды дауыс беруге шақыру үшін барлық ресурсты жұмылдыру өте маңызды екеніне тоқталды. Ол жиын соңында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсыр­малар берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button