#Жаңа Қазақстан

Қарапайым ұстаз қамы – халықтың қамы

Қазіргі таңда Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу – өте маңызды шешім. Оны дүниежүзінде болып жатқан жағдайлармен, әлемді шарлаған дағдарыспен де байланыстыруға болатын секілді. Жаңадан жасақталатын  Парламент – «Жаңа Қазақстанның» дамуының басты бастамаларының бірі.

Осылайша «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының өміршеңдігі қазақстандықтардың өмірін жаңа деңгейге көтеруге тиіс. Әйтпесе бәрі бекер. Бәрі жалған! Қазір құр сөз бен құрғақ уәде қажет емес, халық оған сенбесі де анық. Сондықтан нәтижеге жету үшін ел қамы деп қана әрекет ету керек.

Менің бұл саяси додаға қатысуымның басты себебі де – осы. Ең бірінші балабақша мен мектеп жайын қолға алғым келеді. Өзім де бала тәрбиелеп отырған ана болғандықтан, болашақ ұрпақтың сапалы білім алғанын қалаймын. Өзімнің еңбек жолым да оқушыларға білім беруден басталған. Әркім өз саласының шебері демекші, мен де білім жолындағы маңызды мәселелерді көтеріп, түйткілді шешімнің шыққанын қалаймын.

Елордадағы басты мәселелердің бірі – балабақшалар мен мектептердегі орын тапшылығы. Айталық, былтыр мектеп құрылыс­тары жоспарланған уақытта аяқталмады. Соның кесірінен бала саны артық және үш ауысыммен оқытатын мектептер көбейді. Кей сыныптарда тіпті 30-дан астам бала оқиды. Бұл, әрине, білім сапасына кері әсерін тигізеді. Ал балабақша кезегінде 45 мың бала тұр. Ендеше бұл проблемаларға баса назар аудару керек. Жұмысын уақтылы әрі сапалы тапсырмаған мердігер компанияларды жауапқа тарту ісін қолға алуды ұсынамын.

Жалпы Астана қаласының дамуы үшін 7 негізгі мәселеге басымдық бердім:

  1. Қолайлы қала
  2. Балаларға білім
  3. Жастарға мүмкіндік
  4. Ерекше жандарды қолдау
  5. Сапалы медицина
  6. Ақ сақалды ардагерлерді ардақтау
  7. Қаладағы қымбатшылық

Себебі халық ең бірінші кезекте сапалы білім мен сенімді медицинаны қажет етеді. Бұл екі саланың адам өмірінде алатын орны маңызды. Оған қоса ерекше қолдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың да ел қатарлы өмір сүрулеріне қолдау көрсету.

Одан кейін күнделікті тұрмыста халықты қымбатшылық алаңдатады. Оған басты себеп баға азаматтардың орташа жалақысына тиесілі қойылмаған. Сондықтан бағаны реттеуді қолға алу керек. Тағы бір өзекті мәселе – жастардың тұрмысы.  Қазіргі таңда жастарға жаңа мүмкіндіктер беріп, өмірде өз жолдарын табуына бағыт-бағдар көрсетіп отыруымыз қажет. Себебі еліміздің ертеңі – бүгінгі жастар.

Қоғамда асыл қарияларымыздың орны бір бөлек. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Дей тұрғанмен, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады.

Осындай мәселелердің шешімі Үкімет тарапынан жүзеге асады. Сондықтан да депутат – халық сайлайтын, халықтың өкілі. Билік пен халық арасындағы ықпалдастық көпірі. Депутат бойында  білім мен тәжірибе, кәсіби деңгей мен мемлекетшілдік парасаттың болуы керек. Мен өзімнің бар күш-жігерімді халық қамы үшін жұмсағым келеді.

Тапсырыс беруші: С.НУГУМАНОВА Ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін республикалық сайлау қорынан қаржыланды

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button