Қала тіршілігі

Қараусыз жануарларға – қамқорлық

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Солтамбеков Брижит Бардо қорының өкілі Брижит Олуамен кездесті. Жануарларға ізгілікпен қарау мәселесі талқыланған кездесуге қала әкімдігінің құзырлы мекеме өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=574]

Жануарларға ізгілікпен қарауға үндеген халықаралық сарапшы қордың жұмысынан хабардар етті. 1986 жылы француз актрисасы Брижит Бардо құрған қор үкімет пен азаматтардың қаңғыбас жануарлар мәселесіне «Аулау – ұрықсыздандыру – қайтару» (АҰҚ) бағдарламасы бойынша жануарларды қорғау­мен айналысады.
Басқосуда қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу­ге өркениетті көзқарасты қалыптас­тыру мақсатында нақты шешім қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны халықтың әлеуметтік ахуалы төмен топтары үшін 2500 итті тегін ұрықсыздандыру және піштіру жұмыстарын жүргізуде.
Шарттар мен қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7172) 35-63-99, 8 (708) 922-29-43.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button