Елорда тынысы

Қараусыз жер қоғамдық кеңістікке айналады

Елордада қараусыз қалған аумақ орнына тыныш аллея, воркаут-аймақ, футбол алаңы пайда болады. Астанада тағы бір жаңа аула қоғамдық кеңістігі абаттандырылады

[smartslider3 slider=2968]

Жобаланған учаске Тілендиев – Ұлытау-Арқалық – Қайнар көшелерінің төрттігінде орналасқан. Аула кеңістігі аумағында футбол алаңы, воркаут аймағы, тренажер учаскесі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар алаңы және 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңы болады.

Аудан тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдерімен талқылау кезінде астаналық урбанистика орталығының сәулетшілерімен бірлесіп, жобаның эскизі жасалды. Жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдар демалу үшін ыңғайлы, қауіпсіз орта құруды сұрады.

Н.Тілендиев даңғылындағы 44/1, 46, 48, 50 үйлердің жанында қоғамдық және аула кеңістігі пайда болады. Абаттандыру алаңы – 7,5 га, көгалдандыру 1,5 га құрайды.

Мұнда 200-ге жуық ағаш пен 50 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған.

Жаңадан құрылып жатқан қоғамдық кеңістіктің бойына түптері сәндік тормен қоршалған ірі ағаштар отыр­ғызылады. Сонымен қатар, учаске айналасында көшені жарықтандыруды да қарастырылған.

Бұдан басқа, Тілендиев даңғылында – 160 тұрақ орны, Қайнар көшесінде – 50 орын, Арқалық көшесінде – 130, Ұлытау көшесінде 40 жаңа тұрақ орындары құрылды.

Жобалау алдында елордалық урбанистер мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері аудан тұрғындарының тілектерін жинады. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады, – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығында. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша аудан әкімдігі жобаны іске асыруға кіріседі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button