Қала мен Сала

Қараусыз қалған жануарлар

Алматы ауданының тұрғындары үйсіз иттер жайлы жиі шағымданады. Көбінесе құрылыс кезінде жұмысшылар иттерді тамақтандырып, күзету мақсатында пайдаланады, ал нысанды тапсырғаннан кейін оларды тастап кетеді.

Бүгінгі таңда Астанада иесіз иттерді аулаумен «Астана ветсервис» коммуналдық кәсіпорны айналысады. Қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бөлімінің басшысы Алмас Тұрымбетовтің айтуынша, жыл басынан бері Алматы ауданында 1445 ит пен 260 мысық табылған.

Иесіз ит туралы өтініш түскенде, мобильді топ орынға барады. Ит ұсталып, уақытша қамау орнына жеткізіледі. Мұнда ол 60 күн болады да, содан кейін чиптеліп, еріктілерге беріледі.

Егер сіз көшеде қараусыз қалған жануарларды байқасаңыз, бұл туралы мына телефондарға хабарлаңыз: +7 705 297 09 28; +7 (7172) 28 59 70; Алматы ауданы бойынша қызметкер: 8 700 724 82 17 (Ербол)

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button