Қала мен Сала

Қарғын суға қаншалықты дайынбыз?

Бас қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны қаупі бар 21 учаскені ұдайы бақылауда. Бұл туралы ТЖД бастығының орынбасары Дастан Алдабеков онлайн-брифингте айтып берді.

 Жергілікті орындардың бәрінде ТЖД жеке құрамының 145 адамы, 76 техника, 46 мотопомпа және 2 жүзу құралы бекітілді. Су тасқыны қаупін болдырмау үшін ведомство көктемгі еріген суды қауіпсіз жерлерге ағызу жөніндегі дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

«Биыл 2-3 наурыз аралығында су тасқыны аралығында төтенше жағдайды жою кезіндегі іс-қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша «Көктем-2023» рес­публикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Бүгінгі таңда қала аумағынан 3,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, 40 метр арық-науа желісі тазартылды, 3,8 мың метр құбыр буландырылды» деді Дастан Алдабеков.

Бұдан басқа, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін «Астана Тазалық» ЖШС базасында қапшық және 6,7 тоннадан астам инертті материал дайындалды. Азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізу бойынша қала әкімдігімен 8 меморандум жасалды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, халықты орналастыру бойынша 4 қонақ үймен жасалған шарттар жаңартылды және жалпы саны 2 мың адамнан тұратын 13 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

19 қаңтардан бастап ТЖД қызметкерлері ауласының қарын уақытылы күреу қажет екенін хабардар ету үшін қаланың тұрғын секторын аралады.

«Құрметті тұрғындар, жер үйдің аумағындағы қарды уақытылы күреу үй иесіне жүктеледі, жеке сектордың тұрғындары үйінің аумағынан қарды одан әрі жол жиегіне шығаруы, сол сияқты ағынды суға немесе су өткізгіш құбырға арнап су бұрғыштарды ұйымдастыруы қажет» деп қорытындылады спикер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button