Қала тіршілігі

Қариялар кемемен қыдырды

Астаналық бір топ зейнеткер кемеге мініп, Есіл өзені бойымен серуендеді. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жас­тар қанаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар­саңында еңбек арда­герлеріне осындай керемет көңіл-күй сыйлады.

010

Кенесары ескерткішінің тұсынан аттанған «Есіл» кемесіне елуге жуық зейнеткер мінді. Бәрі балаша мәз. Кейбірі немерелерін ертіп алған. Бір қуантарлығы, «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында мұндай шараны өткізу жылдағы дәстүрге айналып келеді.
Қоғамда қарт адамдарға қамқорлық таныта білу – игі істің бірі. Бұл ретте «Жас Отан» жас­тар қанаты елордалық қарттарға көмек қолын созып келеді. Мереке сайын үйлеріне барып құттықтап, көмектеседі. Тегін концерттер ұйымдастырады. Міне, бүгін серуенге алып шықтық. Қазыналы қарттарымыз Есіл өзені үстінде 40 минут бойы қаланың сұлулығын тамашалаумен болды. Алдағы уақытта қарттар үйінің ардагерлерін де қыдырту ойымызда бар, – дейді іс-шараны ұйымдастырушы Бақдәулет Жанділдаев.

011
Ақорда ғимаратына дейін барып, кері қайтқан қариялар қаланың сұлулығына тамсанумен болды. Өзін Жәмила Бекбаева деп таныстырған әжей мұндай шара жастарды адамгершілікке баулып қана қоймай, аға ұрпаққа құрметпен қарауды үйретеді дейді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button