Жаңалықтар

«Қарлығаштан» қанат қаққандар

БАКША

Елордамыздағы №12 «Қарлығаш» балабақшасында қоштасу кеші өтті. Биыл қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандар үшін бұл – ерекше кезең.

Мерекелік шара барысында 32 түлек балабақшада үйренген өнерін ортаға салып, ата-аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Мекеме ұжымының жемісті еңбегінің арқасында талантты бүлдіршіндер тәрбиеленгенін көруге болады.
«Бұл балабақша түлектері – біздің мақтанышымыз. Бүлдіршіндердің мектепке дайындығы жоғары. Олардың көпшілігі – көптеген байқаулардың жүлдегерлері. Мәселен, «Жұлдызды жол» атты конкурста Анастасия Халикова есімді тәрбиеленушіміз жүлделі бірінші орынды иеленді» дейді балабақша меңгерушісі Людмила Рябченко.
«Қарлығаш» балабақшасы былтыр өзінің елу жылдығын тойлады. Жарты ғасырдың ішінде бұл мектепке дейінгі мекеме қаладағы білім беру сапасы бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Бұл, ең алдымен, балабақша қызметкерлерінің еңбегі екені сөзсіз.

Сабина КӘКІМЖАН,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button