Әлеумет

Қарлығашым, келдің бе?

Ел астанасындағы «Жерұйық» саябағында ерекше балалардың қатысуымен жыл құстарына арналған экологиялық іс-шара өткізілді. Оған қоғамдық қорлардың қомқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

 [smartslider3 slider=2587]

«Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Алматы ауданының әкімдігі балаларымызға әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Бүгінгі мереке – экологиялық акция, балалар, Сіздерге арналады, ол Green Tal әлеуметтік шеберханасымен және «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл үшін оларға алғысымды білдіремін» деді Алматы ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

«Құстарға қамқор бол – өз қолыңмен үйшік жаса» экологиялық акциясы барысында кішкентай қатысушылар үшін құстардың өмірі мен олардың қылықтары туралы қызықты дәріс оқылып, викториналар өткізілді, сыйлықтар табысталды, сондай-ақ аниматорлармен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

«Бүгін ерекше балалар үшін керемет іс-шара өтіп жатыр. Халықаралық құстар күні ерекше балалардың басын қосып, мереке ұйымдастыру үшін 50 үйшік жасауды қолға алдық. Балалар мерекені сезінсін деп құстарға арналған ағаш үйлерді безендіруге арналған бояулар, қылқалам, алжапқыш, қолғап сатып алдық. Айта кетейік, құс үйін жасауға ағаш ұсталық шеберханамыздың 17 қызметкері қатысты, оған үш күн кетті» деді Green Tal әлеуметтік кәсіпорнының басшысы Эмин Әскеров.

Оның айтуынша, акция алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар игі істерді жалғастыру үшін эстафетаны басқа ұйымдарға бермек. Естеріңізге сала кетейік, көктемгі экологиялық шараның мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, құстар мен экологияны қорғау, сондай-ақ ерекше балалардың бос уақытын ұйымдастыру.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button