Мәдениет

Қарттарды сергітетін орталық

Алматы ауданының тұрғындары үшін «3 гектара» тұрғын үй кешенінде ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының таныс­тырылымы өтті. Орталықтың мақсаты – елорданың зейнеткерлік жастағы азаматтарын қолдау, оларды қоғамның мәдени өміріне, дене шынықтыру мен спортқа тарту.

[smartslider3 slider=3146]

Аталмыш орталықта жабдықталған жаттығу залы, компьютерлік сынып, вокалмен және шығармашылық шеберлікпен айналысуға арналған залдар бар. Мұнда мәдени іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Олардың қатарында поэзиялық кештер, кітап тұсаукесерлері, қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар, психологиялық тренингтер, тыныс алу гимнастикасы (Цигун), ағылшын тілі курстары бар.

Күн сайын орталыққа 200-ге жуық адам, айына 3000-нан аса адам келеді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қаңтар айынан бастап өз жұмысын атқарып келе жатыр. Ақпан айының соңына қарай Алматы ауданы бойынша Рақымжан Қошқарбаев, 29/1 мекенжайындағы осындай орталық та өзінің қызмет алушыларын қабылдай бастады.

Ал осы жолғы іс-шарада орталыққа жиі келуші зейнеткерлік жастағы азаматтардың қойылымдары көрсетілді. «Арқа әуендері» ұжымы халық әндерін айтып, жекпе-жек өнерінің элементтері, Цигун тыныс алу гимнастикасы көрсетілді.

Гүлім КӨПБАЕВА, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
университетінің студенті

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button