ДенсаулықЖаңалықтар

Қарттарға арналған шара

Елордадағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда 2 қазанда ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қарттар үшін Ашық есік күні өтеді.
Іс-шара Халықаралық қарттар күні аясында осы сенбі күні сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі. Бұл күні осы санатқа кіретін қала тұрғындары Check-up пакет деп аталатын кешенді медициналық тексеруден өте алады деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

[smartslider3 slider=225]

 
«Қарт адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, оларға ТМККК, яғни тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС шеңберінде барлық көмек көрсетіледі. Халықаралық қарттар күніне орайластыра отырып, біз оларға толыққанды тексеруден өтіп, бойындағы дерті бойынша салалық мамандармен кеңесу үшін арнайы бір күн бөлдік. Үлкендерді сыйлау, оларға құрметпен қарау – біздің парызымыз» деп атап өтілген ведомство таратқан мәліметте.  Қариялар аумақтық тіркеу бойынша медициналық ұйымға жүгіне алады. Медициналық мекемелердің кейбірінде санитарлық нормаларды сақтай отырып мерекелік бағдарламамен шағын құттықтаулар болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button