Елорда тынысы

Қарттарға Pfizer егіледі

Қаламызда 60 жастан асқан адамдар коронавирусқа қарсы қайта вакцина ретінде Pfizer-ді ала алады. Сондай-ақ бұл вакцина медицина қызметкерлерінің ревакцинациясы үшін де қолжетімді.

[smartslider3 slider=1783]

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, коронавирустың ауыр көріністерінің даму қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, 60 және одан жоғары жастағы адамдарды КВИ-ға қарсы ревакцинациялауға рұқсат етілген. Елордалық емханаларда азаматтардың осы санатын америкалық екпемен қайта вакцинациялауға кірісті. Алайда ревакцинация вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға ғана рұқсат етіледі. Pfizer тек медициналық мекемелерде қолжетімді, оны сауда орталықтарындағы вакцинация пункттерінен алу мүмкін емес. Қала бойынша азаматтарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін 31 егу пункті ашылды: 26-сы – медициналық ұйымдарда, 4-еуі – сауда орталықтарында және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында. Бүгінде қала бойынша 25800-ден астам адам қайта вакцинацияланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button