Әлеумет

Қарттарға қандай көмек бар?

Биыл жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға 11,9 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Үкімет тарапынан қарттарға қандай әлеуметтік көмек қарастырылған?

[smartslider3 slider=304]

– Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмекке – 6,4 млрд теңге (шамамен 115,8 мың адам);
– азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 145,5 млн теңге (31,6 мың адам);
– жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 46,6 млн теңге (4 мың адам);
– тіс протездеуге – 229 млн теңге (2,5 мың адам);
– санаторлық-курорттық емдеуді ұсынуға – 1 млрд 247,8 млн теңге (24,1 мың адам);
– тұрғын үйді жөндеуге – 39,9 млн теңге (517 адам);
– отынмен қамтамасыз етуге – 286,5 млн теңге (10,5 мың адам);
– жалпы пайдаланымдағы көлікте жеңілдікпен жол жүруге – 878 млн теңге (8 мың адам);
– көмектің басқа түрлеріне – 2 млрд 667,8 млн теңге (182,5 мың адам).
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button