Қала тіршілігі

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қариялар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және өнерпаз жастар қатысты. 

DSC_0629

– Бүгін осындай жаймашуақ күні ата-әжелердің көңілін көтермек ниетпен шағын той жасап бермекші болдық. Қазақтың бауырсағын, өзбектің палауын пісіріп, орыстың самаурынын қайнаттық. Бұл үйде 16 түрлі ұлт өкілі тұрады екен. Олардың да бір ауық ән-күй тыңдап, жастармен араласқысы келеді ғой. Ассамблея жанындағы «Жарасым» жастар қанатының, Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің баяншы, саксофоншы, домбырашыларын жиып, алып келдік, – деді аталмыш қор жетекшісі Талғат Балпышев. Көңілді думан барысында Мәжіліс депутаттары Наринэ Микалеян, Снежанна Имашева, Шакир Хахазов та сөз сөйлеп, ақ тілегін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button