Қарттарым – асыл қазынам

Биыл Астана қаласы Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы орайда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уляш ҚҰСАЙЫНОВАМЕН сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Астанада құрылған тұңғыш ардагерлер кеңесі ретінде алдарыңызда үлкен міндет пен жауапкершілік тұрды, алғашқы ұйымдастыру жұмысы қалай басталып еді?
– Астананың жаңа құрылып жатқан кезі, кеңестік жүйенің ыдырауымен көптеген кәсіпорын мен мекеме жұмысын тоқтатып, жұмыссыздар саны көбейген уақыт. Бұл қиындық сол кездегі зейнеткерлерге де оңай болмады. Әсіресе елордаға жаңадан көшіп келген зейнеткерлер
ешкімге керексіз болып, ескерусіз қалды. Міне, сол кезде Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің құрылуы арқасында біраз мәселе шешіле бастады. Зейнеткерлерді бір жерге топтастыру жолын осы Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесі бастады. Аудандық ардагерлер кеңесі мен президиум мүшелері қаладағы КСКлар (ПИК) жанынан ардагерлердің бастауыш ұйымдарын ашуды қолға алды. Бұл жұмысты жандандыруда сол кездегі кеңес төрағасы Сапар
Мұстафин, ұйымның белсенді мүшелері Қалиәскер Джантемиров, Қуаныш Қотырев, Зоя Филимонова, Еркін Жайықов, Сәуле Мұқанова, Ғалия Есжанова бастамашы болды. Ол кезде Сарыарқа ауданында 10 мың зейнеткер, 269 соғыс ардагері мен 1820 тыл ардагері болатын.
Ал бүгінгі таңда ауданымызда 30416 зейнеткер бар. Соның 19778і біздің ардагерлер кеңесінде есепте тұрады, 3еуі – Ұлы Отан соғысының ардагері, 770 тыл ардагері, 245 еңбек ардагері, 61 соғыс ардагерінің жесірлері, сонымен қатар концлагерде отырған 3 адам, Ленинград блокадасына қатысқан 1 адам бар. Оған қоса, 238 жалғызбасты зейнеткер тіркелген. Оларға әлеуметтік сала қызметкерлері осы күнге дейін көмек көрсетіп келеді. Осы жайды пайдаланып, «Астана ақшамы» газеті арқылы Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің 20 жылдығымен
аудандағы барлық зейнеткерардагерлерді, президиум мүшелері мен ардагербелсенділерді шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз шалқып, өмірлеріңіз ұзарып, денсаулықтарыңыз мықты болып, 100 жасаңыздар!
– Қазіргі таңда ардагерлер кеңесі қандай жұмыстар атқаруда?
– Ардагерлер кеңесі осы күнге дейін қарттарымызға жанжақты қамқорлық көрсетуде. Аудан әкімдігі біздің ұсынысымызды жерге тастамайды. Қамқорлықты, негізінен, ешкімі жоқ жалғызбасты зейнеткерлер мен денсаулығы нашар мүгедектер, көпбалалы отбасындағы ардагерлерге көрсетудеміз. Ардагерлер кеңесіндегі президиум мүшелері тамаша еңбегімен көзге түсуде. Олар: ұзақ жыл партиякеңес қызметінде тапжылмай қызмет еткен тыл майдангері Роза Асылбекова, медицина ғылымының докторы, профессор Б.Жусупов, отставкадағы полковник, ұзақ жыл Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Қалиәскер Джантемиров, аграрлық университеттің ұлағатты ұстазы, экономика ғылымының кандидаты Бегендік Утебаев, еңбек ардагерлері Мария Тараненко, Кеңес Зубаиров пен Сабыр Құсайынов және т. б. Олардың саны көп, бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің 20 жыл бойы атқарып келе жатқан үлкен жұмысының бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлеріне қызмет көрсету. 2004 жылы ұйым құрылғанда, тізімде 269 майдангер болды, оларға біз 20 жыл бойы мемлекет, Үкімет тарапынан, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесі атынан көмек көрсетіп, майдандағы ерлігін жас ұрпаққа насихаттаудан жалыққан емеспіз. Соның бір дәлелі – Астана қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің Жеңістің 65, 75 жылдығына арнап шығарған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат» және «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» кітаптары. Қос кітапта Сарыарқа ауданының соғысқа қатысқан жауынгерлерлі жайлы жазылған. – Жастармен байланысыңыз қалай? Ұрпақтар сабақтастығы деп айтып жатамыз, осы жұмыс сіздерде қалай жолға қойылған? – Біз жастармен жыл сайын жоспарлы түрде шара өткізіп отырамыз. «Батырларымыз бізбен бірге» деген тақырыптағы акцияны ерекше айтуға болады. Жеңіс күні қарсаңында кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшыларына соғысқа қатысқан майдангерардагерлерге құрмет көрсету мақсатында алғыс хат жіберіп, олармен де кездесіп жүрміз. Ауданның оқу орындары мен мектептері қатысқан тыл майдангерлерінің құрметіне ұйымдастырылған кездесулер де тамаша өтті. Оқушылар олардың үйіне барып, естеліктерін тыңдап, үй шаруасына көмегін беріп, майдангерлердің батасын алуда.
– Аудан ардагерлері мен зейнеткерлеріне қандай жеңілдіктер бар?
– Жалпы ардагерзейнеткерлерге ауданымызда біршама жағдай жасалуда. Соның бірі зейнеткерлеріміз 1999 жылдан бері бүкіл қала автобустарында тегін жүре алады. Мұндай қамқорлық республиканың еш қаласында жоқ. Бірнеше жылдан бері Астана қаласындағы тіркеуде тұрған барлық зейнеткер 70 пайыз жеңілдікпен Бурабай емеспіз. Соның бір дәлелі – Астана қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің Жеңістің 65, 75 жылдығына арнап шығарған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат» және «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» кітаптары. Қос кітапта Сарыарқа ауданының соғысқа қатысқан жауынгерлерлі жайлы жазылған.
– Жастармен байланысыңыз қалай? Ұрпақтар сабақтастығы деп айтып жатамыз, осы жұмыс сіздерде қалай жолға қойылған?
– Біз жастармен жыл сайын жоспарлы түрде шара өткізіп отырамыз. «Батырларымыз бізбен бірге» деген тақырыптағы акцияны ерекше айтуға болады. Жеңіс күні қарсаңында кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшыларына соғысқа қатысқан майдангерардагерлерге құрмет көрсету мақсатында алғыс хат жіберіп, олармен де кездесіп жүрміз. Ауданның оқу орындары мен мектептері қатысқан тыл майдангерлерінің құрметіне ұйымдастырылған кездесулер де тамаша өтті. Оқушылар олардың үйіне барып, естеліктерін тыңдап, үй шаруасына көмегін беріп, майдангерлердің батасын алуда. – Аудан ардагерлері мен зейнеткерлеріне қандай жеңілдіктер бар? – Жалпы ардагерзейнеткерлерге ауданымызда біршама жағдай жасалуда. Соның бірі зейнеткерлеріміз 1999 жылдан бері бүкіл қала автобустарында тегін жүре алады. Мұндай қамқорлық республиканың еш қаласында жоқ. Бірнеше жылдан бері Астана қаласындағы тіркеуде тұрған барлық зейнеткер 70 пайыз жеңілдікпен Бурабайдағы атақты «Қатаркөл» санаторийінде дем алады. Кезінде аудандағы барлық соғыс ардагеріне тегін пәтер берілді әрі олардың осы пәтеріне кететін әртүрлі шығыны да тегін болды. Бірнеше жылдан бері соғыс ардагерлері мен мүгедектері, тыл ардагерлері темір жолда, ұшақта, кемеде, қалааралық автокөліктерде бір рет тегін жүруге мүмкіндік алды. Байқап отырсақ, бұдан басқа да жеңілдіктер бар. Тағы бір айтар жай, соғыс және тыл ардагерлері мен зейнеткерлерге, мүгедектерге көрсетіліп жатқан көмек аяқ протездері мен тіс протездерін жасау және ортопедия құралдары тегін беріледі. Қарттар күніне орай жыл сайын қайырымдылық ісшаралары ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, аудан әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтікмәдени акциялар өтеді. Демеушілер мен қамқоршылардың көмегімен зейнеткерлерге концерт қойылып, кей кезде мерекелік дастарқан жайылып, сыйсияпаттар беріліп тұрды. Қаланың көрнекті орындарына саяхаттар ұйымдастырылуда. Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекеме өз қамқорлығындағы адамдарға үнемі құрмет көрсетуде. Биыл әлеуметтік тұрмысы төмен 600 зейнеткерге коммерциялық тұлғалар мен волонтерлер көмек көрсетті. К.Қосбармақованың «Әжелершаңырақ» ансамблі аудандағы барлық ісшараға қатысып, 20 жыл бойы концерт беріп келеді. Ауданның мыңдаған зейнеткері бүгінде Сарыарқа аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы әртүрлі спорт түрлері мен үйірмелерге, сабақтарға қатысып, белсенділік көрсетуде.
– Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы» деді. «Адал еңбек. Адал адам, Адал табыс» деген қағидаты тағы бар. Осы жайында не айтар едіңіз?
– Президенттің айтқан осы сөздерін мен күнде ойлаймын. Жаныма бұл сөз сондай жақын! Барлық Қазақстан халқы – үлкені бар, кішісі бар, зейнеткерлерімізден бастап жастарымыз бен мектеп оқушыларына дейін адал болу керек. Адалдық – адам баласының ең жақсы қасиеті. Әрбіріміз туған жеріміз бен атамекенімізді шын жүрегімізбен сүйіп, халқымыз үшін адал еңбек етейік. Жаңа Қазақстанда әрқайсымыз адалдық туын көтерсек, еліміз бай, халқымыз байқуатты болады. Ең бастысы, әр адам жеке басының қамын ойламай, елінің, халқының жайын ойлап, мен елімнен не аламын деп емес, мен халқыма не беремін деген оймен адал еңбек ету қажет.
– Әңгімеңізге көп рақмет! «Қос мереке – қос қуаныш» демекші, құрметті Уляш Айтмағанбетқызы, сізді бүкіл Сарыарқа ауданының ардагерлер қауымы аудандық ардагерлер кеңесінің 20 жылдығымен қатар келген 75 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды. Өміріңіз ғұмырлы, нұрлы, көңіліңіз жарқын, жайдарлы, денсаулығыңыз мықты, қызметіңіз жемісті болып, аудан ардагерлерінің құрметі мен алғысына бөлене беріңіз!
Сұхбаттасқан Ғалия БАЛТАБАЙ,
журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесі медиа тобының жетекшісі