Жаңалықтар

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

«Отан қорғаушылар» алаңында әскерге шақырылушыларды ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу рәсімі және «Астана жастары мен армия біртұтас» акциясының ашылу салтанаты өтті.

Бұл күні Қарулы күштер қатарына 30 астаналық өрен аттанды. Салтанатты шараны үш мыңға жуық әскер қатарына шақыру жасына дейінгі және әскер қатарына шақыру жасындағы жастар, әскерге шақырылушылардың туыстары мен достары, мектеп оқушылары, соғыс және еңбек ардагерлері де тамашалады. Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев пен ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов жастарға өз тілектерін білдірді. Сонымен қатар, шара барысында дөңгелекті әскери техника мен атыс қарулары, сарбаздардың киім-кешек үлгілері, сондай-ақ әскер тектері мен түрлері көрсетілген көрме өтті. Аэроұтқыр әскерлері десанттық-шабуылдау бригадасының «Қалқан» арнайы мақсаттағы взводының және Мемлекеттік күзет қызметінің құрмет қарауылы ротасының жауынгерлерінің көрсеткен өнері де көпшіліктің көңілінен шықты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button