Басты ақпарат

ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМНІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Әлем жұртшылығы жыл сайын 29 тамызды ядролық қаруға қарсы күрестің халықаралық күні ретінде атап өтеді. Халықаралық күнтізбеге мұндай атаулы күннің енгізілу тарихы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Себебі, 1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев  адамзат тарихындағы ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі — Семей полигонын біржола жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстанның жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартатынын мәлімдеді.

Бұл тәуелсіз Қазақстанның та­ри­­хын­дағы ең алғашқы құжаттың бірі еді.

Осылайша, Қазақстан кеңестік әс­­­кери арсенал­­дан мұра болып қал­­­­­­ған, саны мен қуаты жөнінен әлем­­­­­­дегі 4-ші ядро­­лық әлеуеттен өз еркі­­­­мен бас тартты.
Көп ұзамай жер шарындағы өз­­ге де сы­­­­нақ алаңдары жабылды.

Сынақ полигонының жабылуы Қа­­­­зақ­­­­станның қарусыздану сая­сатындағы тұң­­ғыш қадамы болды. 1992 жылы Қазақстан яд­­ро­­лық қарусыз мем­­ле­­кет сана­тында Ядролық қару­ды таратпау ту­­ра­­лы Шартқа қо­­сы­­лу­­ға ықылас таны­­тып, Лисса­бон хаттамасына қол қой­ды.

1993 жылдың желтоқсанында ел Парламенті Ядролық қаруды та­­рат­­пау тура­­лы Шартты бекітті.

1996 жылы Ядролық сынақтар­ға жаппай тыйым салу туралы Шарт­­қа, 2006 жылы қыркүйекте Ор­­­­та Азия­­дағы яд­ролық қарудан ада ай­­мақ туралы Шартқа қол қой­ды. Бұл игі қадамдар ядролық қару­­сыз ай­мақ құруда, Азия­­дағы тұрақ­­тылық пен қауіп­сіздікті сақтауда үлкен ма­­ңыз­­ға ие болды.

Елбасы өзінің естелік жазбаларында «Ядролық сынақтардың бар­­лық қасіретін мойнымен көтер­­ген Қазақстан халқы үшін олар­­ға толық тыйым салу мә­се­­лесі аса көкейкесті болып та­бы­­ла­­ды. Өйткені, Семей полиго­нын­­да 40 жылда 450 сынақ жасал­са, одан 1,5 миллион адам зар­­дап шек­­ті. Сондық­­тан мен 1991 жылдың 29 тамызында еш қобал­жы­ма­стан Семей ядролық полиго­­нын жабу туралы Жарлық шы­­ғар­дым» деп жазады.

Расында да, адамзат тарихын­дағы ұзақ жылдарға созылған, ең көп жа­ры­­лыс­­тар Семей өңірінде жасалды.

Бастапқыда адамдарға, жануар­лар мен табиғатқа тікелей зарда­бын тигізген ашық сынақтар жасал­ды. Сосын сынақ жер астында жалғас­ты.

Полигон Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң») деп атал­ған сынақ ал­аң­дарын, то­лып жат­­қан бас­қа да ұсақ тәжі­ри­белік алаңдарды қамтыды. Осы тәжі­рибе алаңдарында 450 ядролық жарылыс жасалды. Бұл сынақтар атом қаруының күшін арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін ойлап табуға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғаш­қы шынайы және жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүр­гізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтиже­сі­­нен кейін ғана айтыла бастады.

Оның зардабы тек Шығыс Қазақ­стан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеліп қалмай, алыс жатқан Торғай даласын да улады.
Жарылыс жылдарында осы өңір­лерде қатерлі ісікке шалдыққандар санының өсуі, бойында түрлі ауыт­­­­қу­­­лары бар, тәндік және ес­тік кем­­­­ші­­ліктері бар сәбилердің дүние­­ге көптеп келуі радиацияның кесірінен болатын генетикалық мута­­ция­­мен бай­­ланысты екендігі де кейін айтылды.

Радиацияның әсерінен адамдар ғана емес, жер де азап шекті. Жердің құнарлығы төмендеді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауы­ның жер астындағы шахталарын­­да 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осы жарылыстың салдарынан Дегелең тауы қиыршық тас үйіндісіне айналды.

Шын мәнінде, Қазақстан жерінде жүргізілген сынақ  – ядролық қару пайда болғаннан бері жер шарында жүзеге асырылған барлық сынақтардың тең жартысы болатын.
Бүгінгі күні жер шарында өнер­­кә­сіп пен ха­­лық­­тың электр қуа­­тына деген қажеттілігін қанағаттандыруда атом энер­­гетикасына тең келері жоқ. Дегенмен, балама энергети­ка көз­­дерінің бар екенін естен шығар­ма­­ған жөн.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен атом энергетикасына қоса, балама қуат көздерін өркендетуге де көңіл бөліп отыр. Айта кету керек, әлемнің көптеген елдері атом саласына қоса, күн және жел энергетикасына, қуат сақтауға арналған автономды құрылғыларды дамытуға қыруар қаржы бөледі.

Біздің елімізде де таяу арада күн батареяларын шығаратын зауыт іске қосылмақшы. Бұл — жылдық қуаты 50-100 мВт-ны құрайтын әлемдегі ең жаңа технологияға негізделген тұңғыш зауыт. Зауыт өнімдеріне ішкі нарықта сұраныс жоғары болады деген үміт бар. Өнімді экспортқа шығару да жоспарланып отыр.

Шынар ДОСАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button