Әлеумет

Қарулы күштердің әскери инженерлеріне құрмет көрсетілді

Елордалық Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Инженерлік әскерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған Ақмола өңірлік гарнизоны Инженерлік әскерлер басқару органдары мен бөлімшелерінің жеке құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Мерекелік іс-шарада көрсетілген фильмнің кадрлары қатысушыларға инженерлік әскерлердің қалыптасу кезеңдерін, жауынгерлік дайындықты, су тасқыны кезінде және әрдайым қауіп төндіретін аумақтарды тазарту кезінде жүргізілетін жұмыстарды еске салды.

Іс-шараға қатысушылар әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әскери инженерлерді ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтады.

Ол әскери инженерлер мен саперлерге Отанға адал қызмет еткендері үшін алғысын білдірді. Генерал-майор Асан Жүсіпов Арыс қаласындағы, Тоқырау және Сарыкемер кенттеріндегі оқ-дәрі қоймаларындағы өрттер мен жарылыстар нәтижесінде қалған жарылыс қаупі бар заттардан тазартудағы жауынгер-саперлердің аса қауіпті әрі жауапты жұмысын ерекше атап өтті.

– Өткен жылдың көктемінде инженерлік әскерлер су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылды. Халықты, техниканы және материалдық құралдарды понтон-көпір паркінің жиынтығымен эвакуациялау үшін олар Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында паром өткелдерін жабдықтады. Су басқан аудандар мен учаскелерден үш мыңнан астам адамды эвакуациялады, бір жарым мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тасымалдады және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді, – деген генерал-майор А. Жүсіпов көктемгі су тасқыны кезінде әскери инженерлердің халыққа көрсеткен көмегін ерекше атап өтті.

Іс-шара кезінде әскери бөлімдер мен Голан жоталарындағы бітімгерлік ротасының инженерлік-саперлік тобының командирі байланысқа шықты. Олар өздерінің бейнеқұттықтауларында әскери инженерлер орындайтын жұмыстардың күрделілігі мен маңыздылығын атап өтіп, әріптестеріне зор денсаулық, табандылық және қызметте табыс тіледі.

Кәсіби мерекеге орай төрт офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берілді. 22 әскери қызметші «минасыздандырудағы ерлігі үшін» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды, 17 адамға грамота табысталып, 15-іне алғыс жарияланды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы атынан алғыс хаттармен инженерлік әскерлердің ардагерлері де көтермеленді.

Өз кезегінде әскери инженерлердің аға буыны генерал-майор Мүсілім Дайыров пен полковник Анатолий Щербаков армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button