Басты ақпарат

Биылғы жылдың 9 тамыздағы жағдай бойынша Астанада мүлікті заңдастыру бойынша жалпы сомасы 95,5 млрд теңгені құрайтын 7405 өтініш келіп түсті

Соның ішінде 59,0 млрд теңге сомасын құрайтын 9330 тұрғын үй нысаны,  36,6 млрд теңге сомасындағы 9900 тұрғын үй емес нысан, 22,4 млрд теңгенің 1038 ком­мерциялық нысаны болып отыр. Жалпы 31,8 млрд теңгенің 6 826 мүлкі заңдастырылды.

Бұған қоса, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс­тер департаменті органдарына жалпы сомасы 998,8 млн теңгені құрайтын 8 нысан бо­йынша 3 арнайы декларация тапсырылды. Ал шет мемлекеттердегі нысандарды жария ету қарқыны да жаман емес. Осы бойынша тиісті мекемеге сомасы 440,8 млн теңге болатын 10 нысан бойынша 8 арнайы декларация өткізілген.  Қаржыны заңдастыру бо­йынша да жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл саладағы ұсынылған 284 арнайы декларацияның құны 416,3 млрд теңгені құрайды.  Сондай-ақ, 8,1 млн тең­ге­нің бағалы қағаздары да заңдас­тырылғанын атап өткен жөн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button