Жаңалықтар

Қаржы мақсатты жұмсалуда

01

Астана қаласы мәслихатының Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында энергетика  саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Онда қалалық Энергетика  басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бақтыбек Жапаев баяндама жасап, аталмыш саланың бүгінгі ахуалымен таныс­тырды. 

Баяндамашының айтуынша, үстіміздегі жылы Энергетика басқармасына 77 млрд теңге бөлінген. Оның 48 пайызы, яғни 21 млрд теңге республикалық трансферттер мен келесі 45 пайы­зы – 20 млрд теңге Ұлттық қордан түскен. Ал 7 пайызы – 2,8 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Биылғы жарты жылдықта 54 бюджеттік инвестициялық жоба қаржылан­дырылып, 26,5 млрд теңге игерілген.
Үлкен қаражаттың бір легі елорданы электр қуатымен және жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, сонымен қатар жылу мен электр қуаттылығының тапшылығын жою мақсатында ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жаңғыртуға және ЖЭО-3 құрылысына құйылған. Жылу желілерін жетілдіру жобалары бойынша республикалық бюджеттен 2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 891,8 млн теңге бөлінген.
Осы жылы республикалық бюджеттің есебінен 3 шақырым жылу магистральдарын жаңарту көзделіп отыр. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттан Молдағұлова, Байтұрсынов көшелері бойындағы жылу трассаларының құрылысы жалғастырылды. Осы жылда 7 бірдей әлеуметтік нысан жергілікті бюджет есебінен орталықтандырылған жылу көзіне жалғанған. Бұлар №61 орта мектеп, №53 балалар бақшасы, №59 мектеп-лицей және «Дания», «Жағалау» тұрғын үй кешені мен «Трансфузиология» орталығы.
Белгіленген бағдарламалар аясына жылу магистральдары мен инженерлік желілер құрылысы жүріп жатыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба қарастырылып, 96 228 мың теңге игеру көзделуде. Оның шеңберінде Мұстафин көшесіндегі қонақ үй ғимаратын орталық жылу жүйесіне қосу, Сейдалин көшесіндегі екі қабатты кеңсе үйін және Алаш тас жолындағы жылыжай кешенін электрмен қамтамасыз ету қарастырылған.
«Индустриалдық парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың құрылымын дамыту» бағдарламасының инфрақұрылымдарын жетілдіруге 10 млн теңге бөлініп, сүзгі стансасының құрылысы басталды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button