Елорда тынысы

Қаржы пирамидалары алаяқтық жасауда

Қаржы пирамидалары жаңартылатын энергия көздерін де алаяқтық мақсатына пайдалана бастаған, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Жыл басынан бері елордада 10 қаржы пирамидасының жолы кесілген. Бұл туралы Астана қаласының аға прокуроры Аслан Мәди айтты.

Прокурор қаржы пирамидасының алаяқтары қарапайым халықты қақпанға қалай түсіретінін «Eolus Kazakhstan» қаржы пирамидасының басшысының үстінен қозғалған істі мысалға келтіре отырып түсіндірді.

Ол жаңартылатын энергия көзіне инвестиция салу желеуімен елден ақша жинағаны үшін бүкіл мүлкі тәркіленіп, өзі 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Тағы бір пирамида тауарды арзанға алып, қымбатқа сатуға болатынын айтып, елді алдаған.

Елордада осыған ұқсас төрт қылмыстық іс тіркелген.

Еске салсақ, Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғандар бүкіл мүлкінен айырылып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button