Жаңалықтар

ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ZAH_4091

Қан аздық ауруына шалдыққан қала тұрғындары мен қарияларға көмек ретінде «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлайық» дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізді. 

– Бұл шараны биыл үшінші рет өткізіп жатырмыз. 2013 жылы – 322 адам, былтыр 300-ге жуық донор қан тапсырды. Ал биылғы тіркелген адам саны – 357. Еріктілер көбейіп келеді, ал олардың басым бөлігі жастар болғандығы қуаны­шы­мызды екі еселеді, – деді «Бірлік» партиясы төр­ағасының орынбасары Әлия Қайшарова.
Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген­дік­тен, шілденің аяғында акция тағы бір мәрте өткізіледі. Статистика бойынша, тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар әлдеқайда ұзақ өмір сүреді екен. Сондықтан, гемоглобиніңіз 110-нан кем емес, ал денсаулығыңыз мықты болып, донор­лыққа ниеттеніп жатсаңыз, бар болғаны жеке куә­лігіңізді алып, акция өтетін жерге бара қалыңыз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button