Имантаразы

Қасиетті түндегі амалдар

Қадір түні – ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, яғни, Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі.  Осы ретте ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнінде мына амал­дарды жасаған абзал дейді. 

09_1

Бірінші, бұл түні Алланың риза­шылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлшылығымызды арттыру керек.
Екінші, Құран Кәрім оқылып, тың­далып, оны түсінуге ынта қойған абзал.
Үшінші, Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтып, оның шапағат етуі­нен үміттеніп, оның үмбетінен бол­ғанымызды саналы түрде сезініп, жолын берік ұстануымыз шарт.
Төртінші, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуға тиіспіз.
Бесінші, қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе, адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салып, достық қарым-қатынасын күшейтуге, бірлік пен тұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.
Алтыншы, тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қа­йырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.
Жетінші, Алланы терең еске алғаннан жүрек тынышталады. Ұлы Жаратушының ұшы-қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын түсініп, има­нымызды күшейту қажет.
Сегізінші, жиі-жиі дұға жасаған жөн. Өйткені, дұға – адамды Ұлы Жаратушыға жақындататын дә­некер. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл түні көбіне мына дұғаны жасаған:
«Алла­һүмме иннеке афүввин тү­һиббүл афве фа фүанни». Яғни, «Алла сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».
Тоғызыншы, қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.
Оныншы, қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсыл­мандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадір түнінің жақ­сылыққа мұрындық болуын, дос­тық пен бауырмалдықты арттырып, ислам әлемінің бір тұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button