Мәдениет

Қастеев құдіреті

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Қаз КСР Халық суретшісі, қазақ кәсіби сурет өнерінің негізін қалау­шы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай қылқалам шеберінің ұрпақтарымен, ізбасарларымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында суретшінің өмір жолы, туындылары туралы қызы Гүлназия Қастеева, «Астана қаласы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, мәдениет саласының үздігі Өмірәлі Исмаилов, Қазақстан көркем академиясының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Айтуаров, Астана қаласы Суретшілер одағының басқарма мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейсенхан Маханбет, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Кобжанова, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің аға ғылыми қызметкері Самал Мамытова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бас қор сақтаушысы Меруерт Абламбаева, Нұрпейіс Байғанин атындағы мәдениет қорының жетекшісі, Нұрпейіс Байғаниннің немересі Ерболат Байғанин қатысып, баяндама жасады.

Әбілхан Қастеев – халық өмірінің алуан көрінісін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туынды авторы. Оның шығармашылығында портрет жанры айрықша орын алады. Әбілхан Қастеев – туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерісін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Шара қонақтарының назарына суретшінің мерейтойына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button