Қоғам
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.