Ел тынысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.
